Көрікті көктем
«Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Экологиялық онкүндік аясында мектепалды дайындық сыныбы және «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің бірлесуімен мектепте «Көрікті көктем» атты экологиялық іс-шара болып өтті. Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар көрермен болып қатысты.
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну, сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
«Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Экологиялық онкүндік аясында мектепалды дайындық сыныбы және «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің бірлесуімен мектепте «Көрікті көктем» атты экологиялық іс-шара болып өтті. Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар көрермен болып қатысты.
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну, сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік:Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,топпен жұмыс, көрнекіліктер,ойын, триз (жақсы-жаман), коллаж.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, құс ұялары суреттері, құстардың суреттері
Балалар бізге қонақтар келіпті алдымен амандасып алайық.
Балалар жылулық шеңберіне тұрады:
Сәлем бердім күнге мен,
Сәлем бердім аспанға,
Сәлем бердім жерге мен,
Сәлем бердім саған да
Сәлем бердік қонақтар
Табиғатқа , құстарға.
Ал енді балалар орнымызға жайғасып алайық
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғат дегеніміз не балалар ?
-Жер, су, ауа, тау-тас,өсімдіктер , жануарлар, құстар.
Балалар мен сендерге 1-шумақ өлең оқып берейін сендер бұл өлеңде не туралы екенін айтып бересіңдер ме?
Құстар , құстар келеді,
Даланы жырға бөледі,
Көктем келді деп бізге
Жылы хабар әкелді.
- Ал, көктемде не өзгерістер болатынын кім біледі, айтыңдаршы .
-Ия балалар, көктемде жауын –шашын көп болып, жер көгеріп, гүлдер өсіп, құстар жылы жақтан ұшып келіп бау-бақшамызда ән салып, сәнін кіргізеді.
Енді, балалар, біздер табиғатқа саяхат жасайық.
Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.
Балалар біз табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз.
-Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)