« Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен»
Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында 1 наурыз күні « Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен» ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған , заман талабына сай білімді, жігерлі тұлға етіп тәрбиелеу.
«Балдәурен» шағын орталығы
Тақырыбы: « Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен» ертеңгілігі
Мақсаты: балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған , заман талабына сай білімді, жігерлі тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүлдер, суреттер мен буклеттер.
Кіріспе:
Алғыс айтам, халқым, елім, жұртыма
Жылдан-жылға жетейікші бір туа
Бірлігіміз налымасын ешқашан
Еш кінарат түспес Елім шырқыңа
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14-қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Шаттық шеңбері
Алғыс – адамның- адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ән «Ризамын»
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Би: «Гүлдер»
Қазаққа дархан рахмет!