Салауатты өмір салты
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл- ауқаты” тармағында,“ азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі заман талабы. Себебі технология дамыған заманда адамдар денсаулығына көп көңіл бөле бермейді. Сондықтан мектебімізде əр жұмыс күні үшінші сабақтан кейін және жұмыс күнінің бітуіне бір жарым сағат қалғанда дене шынықтыру мұғалімдері мектеп ұжымымен спорттық жаттығулар өткізеді.
Дені сау, жан – жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық – әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.