2017-2018 оқу жылының 1 жарты жылдығындағы білім беру ұйымының қызметі туралы және Қамқоршылық кеңес есебі
Күн тәртібі:
2017-2018 оқу жылының 1 жарты жылдығындағы білім беру ұйымының қызметі туралы және Қамқоршылық кеңес есебі.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры К.У.Тюлеева 2017-2018 оқу жылы жаңартылған бағдарлама бойынша 1,2,5 және 7 сыныптарда оқу-тәрбие үдерісі жүргізіліп жатқандығын, осы бағдарлама бойынша мұғалімдердің курстан өткені жөнінде айтып өтті.1-11 сыныптар бойынша пән мұғалімдері қамтамасыз етілген. ҚР «Білім және ғылым министірлігінің, «Әлеуметтік мәдени сауықтыру және дамыту жұмыстары туралы» Заңына сәйкес мектебімізде Қамқоршылық кеңесі құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілгендігіне, әлеуметтік тізімде тұратын оқушылардың сабаққа қатысуы мен сапалы білім алуына жыл бойы бақылау жасалғандығына және аз қамтылған отбасы балаларын Жалпыға білім беру қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл ыстық тамақ қамтамасыз ету ісінде мектеп асханасының дұрыс жұмыс жасауын жолға қоюда біршама жұмыстар жүргізілгендігіне тоқталды.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытында аудандық «Лесная поляна» лагеріне демалуға мұғалімдер тарапынан 70 400 теңге демеушілік көмек көрсетіліп, оқушыларымыз демалып қайтты.
«Мектепке жол» акция аясында мектеп мұғалімдері 20 000 теңгеге көп балалы отбасылардың балаларына оқу құралдарын әперді. Жеке кәсіпкер Бугасова Э.К. қамқорлықтағы Иткулов Тамерланға 7 000 теңгенің курткасын сыйға тартты.
Аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткізілген жаңа жылдық шыршаға аз қамтылған отбасынан 1-сынып оқушысы Мусралина Аружан жіберіліп, сыйлықтарға ие болды. Қамқорлықтағы 4-сынып оқушысы Иткулов Тамерлан да аудан әкімінен сыйлық алды.
Мектеп жанындағы интернатына «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы 50 000 теңге қаржылай көмек көрсетті, атап айтсақ, асханасына ыдыс-аяқтар әперіліп, сондай-ақ, азық-түлікпен де қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында интернат оқушыларына 25 000 теңге көлемінде сыйлықтар табыстады.
Биылғы жылы әр түрлі санаттағы отбасылардан 33 өтініш қабылданған болатын. Осы санаттағы 33 оқушының барлығы ыстық тамақпен қамтылып, әр түрлі көмектер алды.
Қ А У Л Ы:
- Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
Комиссия мүшелері:
- Зикирина А.Е. – кеңес төрайымы, Жамбыл аудандық маслихатының депутаты;
- Молдашев А.Е -мүшесі
- Қошаева К.У. - мүшесі
- Капсытбаева А.А. - мүшесі
- Таскужина Р.Е. - мүшесі
- Бугасова Э.К. - мүшесі
- Смагулов А.Е. - мүшесі
- Нурканов Ж.Қ - мүшесі
- Утеулина М.Б. - мүшесі