Менің ауылым. Менің қалам
Тақырыбы: "Менің ауылым. Менің қалам" Оқу мақсаты: Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу.
Алдын ала тапсырма берілген. Менің ауылымдағы көрнекті жерлер туралы айтып беру. Біздің ауылымыздың атын шығарған қандай тұлғаларды білеміз? Рухани жаңғыру бойынша қандай ауыл азаматтарымен танысып едік? Өз ауылыңның көркеюіне қандай үлес қосар едің? т.с.с сұрақтарға жауап берілді. Менің ауылым тақырыбында сурет салып, өз жұмыстары туралы ой толғады.
Ауыл мен қала суреттері арқылы екі топқа бөлінді. Топтар постер жасап , өз жұмыстарын қорғай алды.
1-топ. Ауыл адамдары немен айналысады, қала халқына қандай өнім береді?
2-топ. Қала адамдары немен айналысады, ауыл халқына қандай өнімдер береді?
Кері байланыс жасалып, үйге "Менің ауылым" тақырыбында эссе жазуға берілді.