«XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»
Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 13-қараша «ХХІ ғасыр нақты - ғылымдар ғасыры» тақырыбымен апталықтың ашылуы болды.
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика, физика және информатикаға бағытталған. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.