Қонақжайлық-салтымыз
Қонақжайлық, яғни қонақ күту имандылық, қайырымдылық, әдептіліктің белгісі. Ата – бабамыздың ежелден келе жатқан салт – дәстүрлерінің бірі – қонақжайлық
Қандай жағдай да «Құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып «қолдағы бармен» дегендей сый – құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Сол әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай атадан балаға жалғасып келеді. 3 сынып жетекшісі Казиева Дана Аскеровна «Қонақжайлық-салтымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.