Бірлік күні
2 маусым күні "Балдырған" жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларымен "Бірлік" күні тақырыбы бойынша іс шаралар өтті. «Қауіпсіз жаз» қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Лагерь белсенділері сайланып, дәрігермен «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында әңгіме жүргізді. Сонымен қатар "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн " акциясы бойынша балалар арасында "Менің еңбегім - республикамның игілігіне" тақырыбында сурет байқауы өтті.
Күннің екінші жартысында "Тірлік, тірлік түбі-бірлік" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Балалар демалыс бөлмесін безендірдіБірлік тақырыбына аппликациялар жасады, сурет салды. Таза ауада қозғалмалы ойындар ойналды.Соңында келесі күн жоспарымен таныстырылып, үйлеріне қайтарылды.