Жаңартылған білім беру -заман талабы
Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінде 2016-2017 оқу жылында 1 сынып жаңартылған білім бағдарлама бойынша оқыды. Сыныпта 8 оқушы. Жаңа білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді. Оқушылар білімін критериалдық бағалау оқыту мен білім беруге деген әртүрлі тәсілдемелерді пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісін уақтылы жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен толтыруға мүмкіндік береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін арттырады, оқытудың заманауи әдістерін біріктіреді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейінқиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.