«Шағын орталық – балалық шақтың мекені»
2017 жылдың 18 мамырында «Балдәурен» шағын орталығында «Шағын орталық – балалық шақтың мекені» атты тақырыбында бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткізілді. Жиналысқа ата-аналар және шағын орталық ұжымы қатысты. Жиналысты мектеп директоры Тюлеева Клавдия Утегеновна ашып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлініп отырғанын айтты, және де шағын орталық мемлекет қамқорлығында болатынын айтып өтті. Одан кейін тәрбиеші Ажанова Алия Запрановна «Балдай тәтті балалық шақ» атты ата-аналарға шағын орталық өмірімен таныстыру мақсатында презентация көрсетті. Тәрбиеші Торебекова Асемгуль Айдархановна ата-аналарға сауалнама толтырғызды. Өзара сыйластыққа, түсіністікке негізделген ынтымақтастық туралы әңгіме өрбіді. Жалпы ата-аналар жиналысына 15 ата- ана және шағын орталық ұжымы қатысты.