12 мамыр- Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы
2017 жылдың 12 мамырында Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде "Білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер-өмір талабы"тақырыбында жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі тың өзгерістерімен таныстыру мақсатында өтілді.Жиналысты мектеп директоры Тюлеева Клавдия Утегеновна ашып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлініп отырғандығын айтты. Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 1,2,5,7 сыныптар білім мазмұнын жаңарту бойынша оқытылуы жөнінде айтып өтті.Жиналыс барысында ата-аналар 2016-2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы бұйрығымен танысты. 1-сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна білім беру мазмұнын жаңарту үрдісіндегі іс-тәжірибесімен бөлісті.Сонымен қатар,оқу ісінің меңгерушісі Сағнаева З.К мектептің қорытынды аттестаттауы туралы және ҰБТ-ның жаңа форматына тоқталып өтті. Ата-аналарға жаңа жоба "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім"бағдарламасы жайлы, қамқоршылық кеңес-қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі екендігінен түсінік беріліп, бейне-роликтер көрсетілді.Өзара сыйластыққа,түсіністікке негізделген ынтымақтастық туралы әңгіме өрбіді.