«Берекелі Алтын күз -2016» сайысы
Тақырыбы: «Берекелі Алтын күз -2016» сайысы
Мақсаты:
1. Берекелі Алтын күз – 2016 сайысына қатысушылардың арасынан
«Алтын күз патшалығын» анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: Сайыс
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
1-жүргізуші:
- Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. 2-жүргізуші:
- Ия, өте дұрыс! Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша! Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз!
Екінші айы бұл күздің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күзгі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз! - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Берекелі Алтын күз» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
- Құрметті қауым! «Берекелі Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
- «Танысайық » бөлімі. Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт.)
- «Біз өнерліміз» Өз өнерін көрсету. (Би және ерекше өнерін көрсету)
- «Ерекшеміз» Қайталанбас сән үлгісі.
- «Күзгі пейзаж» бөлімі. (Сурет салған плакаттарын
әділқазылар алқасына таныстырып, қорғау.)
2 - жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
1-жүргізуші:
- Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
2-жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қалыпты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. Педагог-психолог Қайрат Айдарханұлы
- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дулат Сапарұлы
- Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құралай Дәнебекқызы
1-жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе -тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз,- деп «Берекелі Алтын күз - 2016» атты байқауымызға қатысатын топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз. Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
- Ендеше, құрметті көрермендер, қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз топ басшылары.
2-жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.
1-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
- Ортада сайыскерлеріміздің «Біз өнерліміз» бөлімін тамашалайық. Енді әділқазы алқаларына сөз береміз.
2-жүргізуші:
Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
- Топтардың өнерлерін көріп болсақ, «Жапырақ теру» ойынына кезек берейік. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 2 - сұрақ:
3 - сұрақ:
4 - сұрақ:
5 - сұрақ:
6 - сұрақ:
- Әділқазылар бағаларын берсе.
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп, «Ерекшеміз» аты бөлімде қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған ерекше сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық!
- Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.
2-жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
5-6-ның ұлдары мен қызы бірлесіп. (5-6-сынып оқушыларының өнерін тамашалайық)
1-жүргізуші:
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған, - деп ақын ағамыз жырлаған екен.
2-жүргізуші:
- Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
1-жүргізуші:
- Өте жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Плакаттар» байқауына берейік. «Күзгі пейзаж» атты плакаттар байқауы.
2-жүргізуші:
- Олай болса, топтарымыздың өздері дайындап әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Және де әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Әділ қазылар алқасының бағасы.
1-жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
2-жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - деп отырып, бүгінгі
«Берекелі Алтын күз - 2016» атты сайысымыздың жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз!
БІРГЕ: Жеңісті күндерде кездескенше !!!