14-наурыз
14-наурыз Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне "Бір жасыңмен!" дейді. Ол "Бір жасқа есеюңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!" дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа жылды 22-наурыз мерекесін қарсы алады.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа жылды 22-наурыз мерекесін қарсы алады.