Ербол Шаймерденов- "Жарқын бейне"
Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 12 мамыр күні 1-11 сыныптар аралығында Ербол Шаймерденовтың туған күніне орай сынып сағаттары өтілді. Ербол Шаймерденұлы 1954 жылы 12 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Әкесі Сарсенбин Шаймерден, анасы Мауия. Жалғыз қарындасы - Әмина. Ербол Шаймерденов 1971 жылы мектепті алтын медальға бітіріп, ҚазМҰУ-дың журналистика факультетiн және Ақмола аграрлық университетiн бiтiрген.
1989 жылдан бастап жоғары мемлекеттік органдардың пресса және“Солтүстiк Қазақстан”, “Жас Алаш” және Егемен Қазақстан” газеттерiнде қызмет iстеген. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Тiлдердi дамыту департаментiнiң директоры қызметiн атқарған. Мiржақов Дулатов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шығармалары: Көңiл суретi. Өлеңдер. А., «Өнер» (1995), Тағдырлар. Мақалалар. А., “Балауса”, 1989, Қазақстан Республикасының рәмiздерi. Зерттеу мақалалар. А., «Рауан» (1993), Менiң Қазақстаным. Өлеңдер. «Өлке» (1998), Государственные символы республики Казахстан. А., «Жетi жарғы» (2000), Астана. Өлеңдер, Астана, “Елорда” (2000). «Елтану әліппесі» (1998)
Ербол ағамыз тұңғыш Президентіміздің тұңғыш баспасөз хатшысы болды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен жылдары мемлекеттік мәселелермен де етене араласты. Мемлекеттік рәміздер туралы жазылған алғашқы еңбектердің авторы еді. Азаттық таңы атқанда шын жүрегімен қуанып, рәміздерге қатысты өте ділгір шаруалардың басы-қасында жүрді. Жазған кітаптарындағы деректер нақ өмірдің өзінен алынған шындық еді. Бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрді
Кітап басу, кітап тарату ісіне де асқан жауапкершілікпен кірісті. Тумысынан балажан, ақкөңіл, адам жатырқамай жан-жағына дос жинап жүретін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бойындағы бар жігер-қайратын мемлекеттік істерге арнады. Тағы бір ерекше қасиеті, мемлекеттік қызметті өзінің сүйікті кəсіби
мамандығымен үйлестіре алып жүруінде. Қазақстан Журналистер одағының мү-шесі, ақын, зерттеуші, публицист Ербол Шаймерденов көптеген еңбегін жарық-қа шығару арқылы халқының рухани мұрасын байытуға үлес қосты.
Шығармашылығына тоқталсақ,
Қазақ елінің рәміздері-Балауса баспасында, 1993жылы жарық көрген
Тарихқа сілтеме жайса отырып, түсіндірген жаңа тарихтың тартысты да талқылы кезеңін ашқан шығарма. Жаңа ұрпақтың отаншылдық санасын тереңдете түсуге септігі тиеді. Өйткені елдік таңбаның басты өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу.
Жүректегі жазулар. Астана, 2004жыл
1995-2003 жылдар жазылға өлеңдері мен поэмалары енгізілген. Бұнда ақын ның адам мен қоғам, өмір жайлы толғаныстары шынайылығымен тартымды. Жыр сүйер қауымға арналған еді.
Мәңгілік мұрат-Алматы Өлке баспасы -2003
Кітап философтарға әдебиетшілерге мұғалімдер мен оқшыларға, оқырман қауымға арналған. Әр дәуірде өмір сүрген ақыл-ой алыптарының және басқа да данышпандардың кең танымал шығармалары жинақталған.
Жүрегіммен от тасыған – 2013жыл
Ерболды жақсы білетін ағалары, әріптестері-замандастары, курстастары ағайын тумасы ақын болмысын жан-жақты қырынан ашып көрсетуге тырысыпты. Ерболға деген сағыныш, сүйіспеншілік сезім, мұң т.с.с
Көңіл суреті- Алматы «Өнер» 1995 жыл
Жыр тілімен жеткізуге ұмтылған жүрек лүпілі, өмірге, табиғат пен сұлулыққа деген құштарлығы. Ой мен сезімнен өлең боп өрілген замандас сыры шынайылы-ғымен шырайлы.
Еңбектері бірнеше шетел тілдеріне аударылды. Ал ол жазған өлеңдеріне ән жазылып айтылуда.
«Арман қала –Астана», «Төгеді жаңбыр», «Асыл жар», «Көлсай», «Адамға мұң да керек», «Город мой родной», «Көлсайым-мекенім», «Қызылжарым», «Төгеді жаңбыр», «Елорда», «Ақ», «Досқа тілек», «Достарым-ай» «Есілім»,»Қызыл қайың» «Қызыма», «Мәртебең құтты болсын, Әз Астана!» «Нағашы» т.с.с. өлеңдері əн болып шырқалуда.
Ербол Шаймерденов əлемдік философиялық ойшыл классиктер: Ф. Ницше,
Л. Вовенарг,К. Поппер, Ж. Деррида,М. Хайдеггер жəне басқаларға аударма жасауы, сол сияқты қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау арқылы оқырмандарының риза-шылығына бөленді, өзінің ғылыми ойөресін халқына таныта алды. Ербол аға ең-бегі елеусіз қалған жоқ, қоғам өте жоғары бағалады. Қысқа мерзім ішінде
дайындалған кітаптар мемлекеттік мекемелер, мектеп оқушылары, жоғары оқу
орындары студенттерінің өте қажетті оқу құралына айналды. Мұның барлығы тал- ғамының зор, талабының биік болғандығын көрсетеді. Ақын, публицист ретінде қалыптасқан ол уақыт талабына сəйкес Қазақстан рəміздерін қабылдау кезінде терең зерттеушілік еңбекпен айналысып, осы салаға қатысты үлкендікішілі жиырма шақты еңбек жазды. Соның арқасында өзі де тəуелсіз еліміздің тұңғыш рəміз-танушысы дəрежесіне көтерілді. Ербол Шаймерденұлының есімі өз тағдырын ел мүддесімен еселеген, туындыларымен еліміздің бүгіні мен ертеңін нұрландыр ған дара тұлға ретінде жадымызда əрдайым сақталады.
Ол мемлекеттіліктің айрықша бір белгісі ел рәміздерінің жоба-жоспарларын дайындау үрдісіне белсенді атсалысып, бұлар туралы зерттеу, зерделеу жұмыстарын табандылықпен атқарды. Сөйтіп, Ербол Шаймерденұлы әлемдік, отандық рәміздер тарихынан сыр шертетін әр ел рәміздерінің өзіндік ерекшеліктерін жіліктеп баяндайтын мақалалар, тарихи-танымдық толғамдар жазды. Оның бәрі бертін ғылыми айналымға еніп, рәмізтану көкжиегін кеңейте түскені анық. Бұл рәміздер арқылы елдің өмір салты, болмыс ерекшелігі, арманы көрінеді. Олар әлеммен байланыс мұратын іздейді. Ербол Шаймерденұлының есімі тарихи кезеңнің куәгері ретінде ғана емес, тарихты өз қолымен жасауға қатысқан қайраткерлер қатарында мәңгі қалады» - деп жазуы оның бүкіл қоғамдық-саяси қызметіне берілген әділ баға деп білеміз.
Шаймерденов Ербол Шаймерденұлы 1954 жылы 12 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Әкесі Сарсенбин Шаймерден, анасы Мауия. Жалғыз қарындасы - Әмина. Ербол Шаймерденов 1971 жылы мектепті алтын медальға бітіріп, ҚазМҰУ-дың журналистика факультетiн және Ақмола аграрлық университетiн бiтiрген.
1989 жылдан бастап жоғары мемлекеттік органдардың пресса және“Солтүстiк Қазақстан”, “Жас Алаш” және Егемен Қазақстан” газеттерiнде қызмет iстеген. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Тiлдердi дамыту департаментiнiң директоры қызметiн атқарған. Мiржақов Дулатов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шығармалары: Көңiл суретi. Өлеңдер. А., «Өнер» (1995), Тағдырлар. Мақалалар. А., “Балауса”, 1989, Қазақстан Республикасының рәмiздерi. Зерттеу мақалалар. А., «Рауан» (1993), Менiң Қазақстаным. Өлеңдер. «Өлке» (1998), Государственные символы республики Казахстан. А., «Жетi жарғы» (2000), Астана. Өлеңдер, Астана, “Елорда” (2000). «Елтану әліппесі» (1998)
Ербол ағамыз тұңғыш Президентіміздің тұңғыш баспасөз хатшысы болды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен жылдары мемлекеттік мәселелермен де етене араласты. Мемлекеттік рәміздер туралы жазылған алғашқы еңбектердің авторы еді. Азаттық таңы атқанда шын жүрегімен қуанып, рәміздерге қатысты өте ділгір шаруалардың басы-қасында жүрді. Жазған кітаптарындағы деректер нақ өмірдің өзінен алынған шындық еді. Бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрді
Кітап басу, кітап тарату ісіне де асқан жауапкершілікпен кірісті. Тумысынан балажан, ақкөңіл, адам жатырқамай жан-жағына дос жинап жүретін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бойындағы бар жігер-қайратын мемлекеттік істерге арнады. Тағы бір ерекше қасиеті, мемлекеттік қызметті өзінің сүйікті кəсіби
мамандығымен үйлестіре алып жүруінде. Қазақстан Журналистер одағының мү-шесі, ақын, зерттеуші, публицист Ербол Шаймерденов көптеген еңбегін жарық-қа шығару арқылы халқының рухани мұрасын байытуға үлес қосты.
Шығармашылығына тоқталсақ,
Қазақ елінің рәміздері-Балауса баспасында, 1993жылы жарық көрген
Тарихқа сілтеме жайса отырып, түсіндірген жаңа тарихтың тартысты да талқылы кезеңін ашқан шығарма. Жаңа ұрпақтың отаншылдық санасын тереңдете түсуге септігі тиеді. Өйткені елдік таңбаның басты өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу.
Жүректегі жазулар. Астана, 2004жыл
1995-2003 жылдар жазылға өлеңдері мен поэмалары енгізілген. Бұнда ақын ның адам мен қоғам, өмір жайлы толғаныстары шынайылығымен тартымды. Жыр сүйер қауымға арналған еді.
Мәңгілік мұрат-Алматы Өлке баспасы -2003
Кітап философтарға әдебиетшілерге мұғалімдер мен оқшыларға, оқырман қауымға арналған. Әр дәуірде өмір сүрген ақыл-ой алыптарының және басқа да данышпандардың кең танымал шығармалары жинақталған.
Жүрегіммен от тасыған – 2013жыл
Ерболды жақсы білетін ағалары, әріптестері-замандастары, курстастары ағайын тумасы ақын болмысын жан-жақты қырынан ашып көрсетуге тырысыпты. Ерболға деген сағыныш, сүйіспеншілік сезім, мұң т.с.с
Көңіл суреті- Алматы «Өнер» 1995 жыл
Жыр тілімен жеткізуге ұмтылған жүрек лүпілі, өмірге, табиғат пен сұлулыққа деген құштарлығы. Ой мен сезімнен өлең боп өрілген замандас сыры шынайылы-ғымен шырайлы.
Еңбектері бірнеше шетел тілдеріне аударылды. Ал ол жазған өлеңдеріне ән жазылып айтылуда.
«Арман қала –Астана», «Төгеді жаңбыр», «Асыл жар», «Көлсай», «Адамға мұң да керек», «Город мой родной», «Көлсайым-мекенім», «Қызылжарым», «Төгеді жаңбыр», «Елорда», «Ақ», «Досқа тілек», «Достарым-ай» «Есілім»,»Қызыл қайың» «Қызыма», «Мәртебең құтты болсын, Әз Астана!» «Нағашы» т.с.с. өлеңдері əн болып шырқалуда.
Ербол Шаймерденов əлемдік философиялық ойшыл классиктер: Ф. Ницше, Л. Вовенарг,К. Поппер, Ж. Деррида,М. Хайдеггер жəне басқаларға аударма жасауы, сол сияқты қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау арқылы оқырмандарының риза-шылығына бөленді, өзінің ғылыми ойөресін халқына таныта алды. Ербол аға ең-бегі елеусіз қалған жоқ, қоғам өте жоғары бағалады. Қысқа мерзім ішінде
дайындалған кітаптар мемлекеттік мекемелер, мектеп оқушылары, жоғары оқу
орындары студенттерінің өте қажетті оқу құралына айналды. Мұның барлығы тал- ғамының зор, талабының биік болғандығын көрсетеді. Ақын, публицист ретінде қалыптасқан ол уақыт талабына сəйкес Қазақстан рəміздерін қабылдау кезінде терең зерттеушілік еңбекпен айналысып, осы салаға қатысты үлкендікішілі жиырма шақты еңбек жазды. Соның арқасында өзі де тəуелсіз еліміздің тұңғыш рəміз-танушысы дəрежесіне көтерілді. Ербол Шаймерденұлының есімі өз тағдырын ел мүддесімен еселеген, туындыларымен еліміздің бүгіні мен ертеңін нұрландыр ған дара тұлға ретінде жадымызда əрдайым сақталады.
Ол мемлекеттіліктің айрықша бір белгісі ел рәміздерінің жоба-жоспарларын дайындау үрдісіне белсенді атсалысып, бұлар туралы зерттеу, зерделеу жұмыстарын табандылықпен атқарды. Сөйтіп, Ербол Шаймерденұлы әлемдік, отандық рәміздер тарихынан сыр шертетін әр ел рәміздерінің өзіндік ерекшеліктерін жіліктеп баяндайтын мақалалар, тарихи-танымдық толғамдар жазды. Оның бәрі бертін ғылыми айналымға еніп, рәмізтану көкжиегін кеңейте түскені анық. Бұл рәміздер арқылы елдің өмір салты, болмыс ерекшелігі, арманы көрінеді. Олар әлеммен байланыс мұратын іздейді. Ербол Шаймерденұлының есімі тарихи кезеңнің куәгері ретінде ғана емес, тарихты өз қолымен жасауға қатысқан қайраткерлер қатарында мәңгі қалады» - деп жазуы оның бүкіл қоғамдық-саяси қызметіне берілген әділ баға деп білеміз.
Ербол Шаймерденов - біз үшін биік тұлға! "Жарқын бейне" деректі фильмі түсірілгенде Ербол ағамыздың балалық шағын мектебіміздің қазіргі 6 сынып оқушысы Таскужин Жансары сомдады. Ербол ағаны мақтан етеміз. Жарқын бейнең есімізде қалады.