"Жас ұлан" ұйымына салтанатты түрде қабылданды
Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымының бағыттары ( 7 бағыт)
1.Отан – елін,жерін құндылықтарын сүю,қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
2 .Зерде – зерделі түрде алдына мақсат қоя білу,оған жете білу,жобалар жасап,жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
3.Руханият – жоғары рухани –адамгершілік құндылықтар , гуманистік , көркем – эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу бағыты;
4.Салауат – бойларын жаман қасиеттерден аулақ ұстайтын,салауатты өмір салтын ұстанған,спортпен шұғылданатын ,тәнін түзулікке баулитын бағыты;
5.Еңбек – мектеп қабырғасынан белгілі мамандыққа бейімделу,кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту бағыты;
6.Экоәлем – қоршаған ортаны аялау ,жан-жануарларға қорған болу,экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыты;
7. Жеті жарғы – жас азаматтарды өзіндік , әлеуметтік тұрғыдан заң білу мәдениетіне , қоғам алдындағы құқығы мен міндетін түсіндіру бағыты.
"Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер ұйымының қатары жаңадан енген балалармен толықты. Оқушыларды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрахметова Н.К, сынып жетекшілері құттықтап, балаларға нағыз патриот азамат болуды, шын-жүректен өз Отанын сүюді,өзіне және өз халқына сенуге, қоғамға қызмет етуді тіледі .Жас ұландықтар ант қабылдағаннан кейін, «ЕЛ ТЫНЫШ! ЕЛ АМАН! Ел басымыз-Нұрсұлтан! - Қазақстан - Нұрсұлтан!» – деп, ұстаздар галустукты байлады. Жиын бойы оқушылардың орындауында патриоттық әндер айтылды.